САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТЫЛДЫ Избранное

Среда, 29 Сентябрь 2021 05:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1054 раз

Қаратау ауданына қарасты Асар шағынауданын оптикалық желі арқылы сапалы интернетпен қамту үшін Шымкент қаласы әкімдігімен жеке инвесторлар тартылған болатын. Осы жұмыстардың нәтижесінде «i-LinkNet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан Асар шағынауданына оптика желісі толық жүргізілді.

867

 

Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасы мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, ондағы 2000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі, яғни, жалпы саны 200 шақырымды қамтитын абоненттік кабель тартылған.
Нәтижесінде, аталған шағынаудандағы 9 мыңға жуық тұрғынды сапалы интернетпен қамтуға толық мүмкіндік бар. Бүгінде, өтініш қалдырған 200-ге жуық үйге интернет желісі қосылып, тұрғындардан қосымша өтініштер қабылдануда. Егерде тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер берілген жағдайда, «i-LinkNet» компания тарапы шағын ауданды толыққанды талшықты оптика желісімен (200 Мбит/сек жылдамдығына дейін) қамтамасыз ететін болады.
Алдағы уақытта, «i-LinkNet» компаниясы Самал-3 шағын ауданын (100%) талшықты оптика желісімен қамту жұмыстарын жүргізетін болады,- дейді басқарма мамандары.
Жылдамдығы жоғары және сапалы интернетке қол жеткізу үшін мына
(8 775 395 29 02) көрсетілген телефон нөмірге хабарласуға немесе Еділбаева көшесі 65 үйге барып өтініш қалдыруға болады. Интернетке қосылған әрбір үйге WiFi модем тегін беріледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.