ЖЕҢІМПАЗҒА ПРЕЗИДЕНТ СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ Избранное

Среда, 15 Сентябрь 2021 04:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1015 раз

Биыл Отбасы күні мерекесі Әлиевтер шаңырағы үшін ерекше аталып өтті. Шымкентте өткен «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазына Президент сыйлығы табысталды.

728

 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Әлиевтер отбасына Президенттің атынан қаржылай сертификат пен дипломды салтанатты түрде табыстап, туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың табысты болашағының кепілі екенін айтты.
Жеңімпаз отбасы Алиев Бачак Маханбетұлы – ішкі істер саласының құрметті ардагері, зейнеткер. «АБО» түрік отбасылық ансамблінің жетекшісі. ҚХА «Бірлік» медалінің иегері, ауыр атлетикадан «Спорт шебері», «Полиция үздігі» төс белгісінің иегері. Жұбайы Алиева Шайзар Қасымқызы – зейнеткер. Әлиевтердің отбасы құрғанына – 52 жыл. Үш баласы, он немересі, 14 шөбересі бар. Ұлдары жеке кәсіппен айналысады. Немерелері Нұрсұлтан, Елсұлтан және Бексұлтан ұлттық аспаптардың шебер орындаушылары. Бүгінде 3 ұрпақтан тараған 5 отбасы бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде.
Ұл-қыздары мен немерелері қазақ тілінде білім алып, ұлттық дәстүрлерді құрметтеп, ұстанып келеді. Қазақтай дархан елдің кеңдігін көріп өскен отбасының үлкені Б.Алиев перзенттерін туып өскен жеріне аянбай қызмет етуге тәрбиелеп келеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.