ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРЕТІН ҚАРЖЫ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ Избранное

Пятница, 10 Сентябрь 2021 04:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 208 раз

Шымкентте соңғы төрт жылда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 150 мыңнан астам адам оқып, Қазақстан бойынша 44 мың бизнес-жобаны іске асырды. Нәтижесінде 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Бұл саланы жандандырып, шаһарда орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау көрсетуде Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы жанынан «Shymkent-Atameken» микроқаржы ұйымы құрылды. Енді «Бастау-Бизнес» бағдарламасының сертификатын алып, өз жобасын қорғаған тыңдаушылар жылдық 6% несие алуға үміткер бола алады.

706

 

– Жуырда қалалық Кәсіпкерлер палатасы жанынан микробизнеске несие беретін микроқаржы ұйымы құрылды Онда «Shymkent-Atameken» МҚҰ, Атамекен ҰКП-да - 51% және «Шымкент ӘКК» - 49% үлесі бар. Бұл жоба Үкіметтің 2021 жылғы 4 маусымдағы №382 Қаулысына сәйкес іске асырылуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында ағымдағы жылы 1,5 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылған. Осылайша, Шымкент қаласы бойынша жеңілдетілген шағын несиемен «Бастау бизнес» жобасының 150-ден астам тыңдаушысы қамтылады», - дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев.
Нұрлан Қабыштаевтың айтуынша, соңғы жылдары банктік несие құрылымдары ірі несие алушылармен ғана сенімді жұмыс жасайды. Несие беруді ірі бизнестің пайдасына ауыстыру тенденциясы түсінікті. Банктер шағын бизнеске несие беруден қорқады, өйткені қайтарылмаудың үлкен қаупі бар. Осы себепті, микробизнеске несие беру жағдайын бағалап, «Атамекен» ҰКП бүкіл аймақтарда микроқаржы ұйымдарын аша бастады. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының және шағын қаржыландыруды дамыту құралдарын қайта қарау туралы тапсырма берді. Содан кейін «Атамекен» ҚР ҰКП мүдделі министрліктермен бірлесіп шағын қаржыландыруды дамыту бойынша жаңа тәсіл ұсынып отыр. Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша несиелендіру шарттары анықталды. Қазақстан бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытуға 22,5 млрд теңге бөлінді, оның 1,5 млрд теңгесі Шымкент қаласына берілді.
Енді «Бастау Бизнес» жобасының түлектері өз бизнесін ашуға немесе дамытуға үлкен мүмкіндік алады.
– Шағын несиені 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобаларды 7 жылға дейін рәсімдеуге болады. Микрокредиттің ең жоғарғы сомасы 8 мың АЕК (23,2 млн.теңге) құрайды. Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 6%. Бұл ретте, микроқаржылық ұйым «Бастау Бизнес» жобасын бітірушілерге микрокредит беруге байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды немесе өзге де төлемдерді алмайды. Жаңа бастаған кәсіпкерлерде шағын несие алу үшін бизнес түрлері бойынша шектеулер жоқ. Уақытша өтеулі қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын қоспағанда кез келген жылжымайтын мүлік негізгі кепіл бола алады. Бұл ретте негізгі кепілмен қамтамасыз ету құнының үлесі кепілмен қамтамасыз етудің жалпы құнының 70%-нан кем болмауы тиіс, - дейді «Shymkent-Atameken» МҚҰ директоры Бауыржан Пернеев.
Бұдан бөлек, несие берушінің шешімі бойынша қарыз алушылардың негізгі қарызды өтеуде жеңілдік және микрокредит беру мерзімінің үштен бірінен аспайтын мерзімге сыйақы алуға мүмкіндігі бар.
Жаңадан құрылған қаржы ұйымы ұсынылған құжаттар тізбесі негізінде бизнес-жобаға бағалау жүргізеді. Содан кейін микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарылады. Ұйым қарыз алушыларға несие беру туралы шешімді дербес қабылдайды.
Қазіргі таңда микроқаржы ұйымы алғашқы өтінімдерді қабылдай бастады. Еске сала кетерлігі жаңа ұйым тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, өзінің берешектерін қайта қаржыландыруға, жылжымайтын тұрғын үй, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алуға қарыздар бермейді.
Тұрғындар несиеге өтінім беру үшін «Бизнеске арналған Үкіметке» орталығындағы «Бастау бизнес» жобасын сүйемелдеу жөніндегі кеңесшілерге жүгіне алады.
«Shymkent-Atameken» МҚҰ мекенжайы:
Шымкент қаласы, Солтүстік-Шығыс шағынауданы, Ерімбетов көшесі, 304 Г, «Заңғар» бизнес орталығы, 2 қабат. Несиелендірудің барлық мәселелері бойынша 8 (7252) 39-49-99 телефонына хабарласуға болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.