Версия для печати

#3 Шымкент – тоқыма өндірісінің орталығына айналды Избранное

Среда, 28 Июль 2021 03:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2260 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласында өндірілетін тауарлардың 20,7 пайызы Шымкентте жасалады. Бұл көрсеткіш жылдан жылға ұлғаюда. Мәселен, Шымкентте биыл жылдың алғашқы бес айында жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9 миллиард 566,7 миллион теңге болды. Өткен 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 134,1 пайызға артқан.

534

 

Шымкенттен шығатын өнімнің 3,9 пайызын жеңіл өнеркәсіп саласы құрайды. Мегаполисте әсіресе, тоқыма бұйымдарын жасау кең өріс алған. Нақтысын айтсақ, республикада өндірілетін мақта-мата өнімдерінің 87 пайызы, шұлықтың 68 пайызы, ал, кілемнің 100 пайызы Шымкенттен шығады.
Осылайша Шым шаһар отандық текстиль өндірісінің ірі орталықтарының біріне айналды.

«Қазақ кілемі» бренді Шымкентте қалыптасты

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы Шымкентке келген жұмыс сапарында «БалТекстиль» ЖШС-інің жұмысымен арнайы танысады. Кілем өндірісіне негіз қалаушы кәсіпорын басшысы Талғат Ысқақовқа «әлемдік нарықта «Қазақ кілемі» брендін қалыптастыру қажет» деген тілегін айтты. Елбасының бұл тапсырмасы көп уақыт өтпей-ақ орындалды. Бүгінде Шымкентте отандық кілем өндірісі қарыштап дамуда. «БалТекстильдің» кілемдері әлемдік нарықта сұранысқа ие. Жобалық құны 8, млрд. 450 млн. теңгенi құраған өндiрiс орны күнiне 15 мың шаршы метр кiлем тоқып, сауда нүктелерiнен бөлек, 370 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылына 5 млн. шаршы метр кiлем тоқып, 3,5 мың тонна жiп иiрiп отырған «БалТекстильдің» кілемдеріне арнайы тапсырыс берушілер көп.
Тұтынушылар тарапынан жоғары бағаға ие Aster, Elegant, Kumsal, Efsun, Efsal, Venetta, Oskar, Indigo, Bursa, Palmira, Mareno маркалы кілемдер топтамасы әлемдік нарықта өз орнын қалыптастыруда. «Бал Текстиль» кiлем тоқып қана қоймай, кiлем тоқуға қажеттi Heat Set, BCF, Freeze полипропилендi жiп те иіреді. Германия, Бельгия елдерінен арнайы қондырғылар сатып алынған. «Қазақ кілемі» сапалы өнім. Шведтiк IKEA компаниясы өз тұтынушыларына ұсынып отырған тұрмыстық заттар көшіне «БалТекстильдің» кілемдерін қосып отырғаны да сондықтан.

549


«БалТекстиль» кілем өндірісіндегі жалғыз кәсіпорын емес. Шымкентте отырып әлемдік нарыққа өз тауарын ұсынып отырған «НазарТекстиль» кілем фабрикасы да біздің мақтанышымыз. Оның үстіне ағайындылардың ортақ кәсібі ретінде ашылған «НазарТекстиль» фабрикасы бауырлар бизнесінің даму көкжиегі кең екенін дәлелдеп отырған өндіріс орны.

«Оңтүстік» АЭА – жеңіл өнеркәсіп орталығы

Жеңіл өнеркәсіп кешені аталып кеткен арнайы экономикалық аймаққа топтасқан тоқыма фабрикалары жылына мыңдаған тонна өнім өндіріп, тұтынушыға сапалы тауарын ұсынып отыр.
Шымкент – инфрақұрылымы дамыған, еңбек ресурсы әлеуетті мегаполис. Қазақстанның өзге қалаларымен салыстырғанда Шымкенттің Орталық Азияда инвестициялар мен технологияларды тартудың жаңа орталығына айналуына мүмкіндігі көп.

537

– Өңірлік бөліністе қаланың жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 9,6 млрд.теңгені құрап (жыл басынан бастап) елімізде бірінші орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 134,1 пайызға ұлғайды. Қала өндірісінің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 3,9 пайызды, елдегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі —20,7 пайызды құрайды, - дейді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Тілімізге тиек болған «Оңтүстік» АЭА-ғы 2005 жылы құрылды. 200 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда инвестиция көлемі 42,95 млрд. теңге болатын 25 жоба жүзеге асуда. 2293 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Резиденттер үшін тегін жер учаскесі, жер салығын, мүлік салығын және корпоративтік табыс салығын төлеуден босату түрінде инвестициялық жеңілдіктер мен преференциялар көзделген. 100 пайыз инфрақұрылыммен қамтылған. Сондай-ақ, АЭА аумағында сумен жабдықтау және электр энергиясына тарифтер Шымкент қаласында жалпы белгіленген тарифтерден айтарлықтай төмен екенін атап өткен жөн.
–«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында биыл 13,3 млрд.теңгеге 7 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Бұл өз кезегінде жаңа 361 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аймақтың аумағын қосымша 389 га дейін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Қазіргі таңда жер учаскесі айқындалып, мемлекет меншігіне қайтару бойынша қала әкімдігінің қаулысы қабылданды.
Жалпы индустриялық аймақтарда 2021 жылы 25,5 млрд.теңгеге 497 жұмыс орнымен 9 жобаны іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, игерілмеген жер учаскелерін қайтару бойынша жұмыстар жүргізілетін болады, - дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков.

Отандық төсек-жайма мен сүлгі шетел нарығында

Бір ғана AZALA Textile компаниясын алып қарайтын болсақ, өндірістік қуаты жылына 2800 тонна жіп иіріп, 14 миллион метр қатты мата тоқуда еліміздегі алдыңғы қатарлы кәсіпорынның біріне айналған.
«AZALA Textile» компаниясы өндірген мата мен жіпке Литва, Латвия, Германия, Италия, Польша елдерінен тұрақты сұраныс бар. «Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорын қуаттылығын арттыруға мүмкіндік алды. Бүгінде осы кәсіпорын шығаратын сүлгі, төсек орын жабдықтары, ванналық халаттар, түкті маталарға деген сұраныс артып келеді. Отандық өнімнің сапасына жоғары баға берген сарапшылар халықаралық менеджменттің ISO 9001:2008 сертификатына ие компанияның болашағы жарқын дейді. «AZALA Textile» компаниясы өндірген қатты маталардан әскери киімдер тігу, арнаулы қызметтік формалар жиынтығын жасақтау ісі дамыған.

550


–Әрине, бастапқыда кәсіпорынды ашу барысында бірқатар қиындықтар кездесті. Тек еңбек пен ізденімпаздықтың және кәсіпкерлік пен отандық өндірісті дамытуға деген мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінде компаниямызда 600-ге жуық жұмыс орны ашылып, жылына 3 миллион данаға жуық төсек жаймасының жиынтығын, 10,4 млн дана түкті тігін матасын өндіріп отырмыз. Біздің өнімдеріміз шетел нарығында «Қазақстанда жасалған» тауар белгісімен өте танымал, - дейді «AZALA Textile» ЖШС-нің директоры Жанар Көшерова.
Сонымен бірге Шымкентте иірілген жіптер әлемдік нарыққа (Түркия, Оңтүстік Корея, Германия және ТМД елдері) шығарылады және оның сапасын шетелдік тұтынушылар жоғары бағалауда. Бұл жіптен тоқыма бұйымдар өндіріледі. Сапасы жоғары маталар тоқылады.
Жалпы, бүгінде жартылай фабрикаттар өндірісімен шектелмей, дайын өнімнің экспортына көшу, сөйтіп толыққанды мақта-тоқыма кластерін құру бойынша жұмыс қарқын алған. Фабриканы қайта жабдықтау барысында жоғары сапалы жіп иіру үшін Германияда жасалған технологиялық жабдықтар сатып әкелінген.

Шұлық өндірісі де Шымкентте

Қазір Қазақстанда жасалған тауарларға сұраныс артып келеді. Себебі, отандық өнімнің сапасы жақсы. Сондай өнімнің бірі – Шымкенттен шығатын шұлықтар. Айына 2 миллионнан астам жұп нәски шығаратын кәсіпорынның Шымкентте орналасуы да тектен тек емес. Нәски тоқуға кететін жіп те, мақта да үшінші мегаполистен іздемей-ақ табылатын шикізат. Оның үстіне мақталы ел Өзбекстан да қол созым жерде. Екі ел арасындағы экономикалық байланыс көршіден шикізат тасымалдауға негіз болып отыр. Олардан мақта алып, оны иіріп, нәски тоқып ішкі нарыққа ғана емес, импортқа да шығаруға әлеуетіміз жетеді.

551


Түрлі-түсті нәскилердің алдымен жібі боялады. Ал жіптің сапасына қарай дайын шұлықтың бағасы да әртүрлі. Дегенмен, отандық тауар тұтынушылардың қалтасына аса салмақ салмайды дейді мамандар. Шымкенттен шығатын шұлықтың нарықтағы бағасы 80-300 теңге аралығында. Нәски тоқу цехында бүгінде 240 тігін машинасы бар. Олар әр 3 минутта бір нәски тоқиды.
Сауда нүктелеріндегі Қытайдың, Түркияның нәскилерінен сапасы жағынан қалыспайтын, кей тұста жоғары тұратын шымкенттік шұлықтар «Қазақстанда жасалған» таңбасымен айшықталған.
Өндірісі қарыштап дамып келе жатқан Шымкентте жеңіл өнеркәсіп саласында мұнан өзге де кәсіпорындар аз емес. «AZALA Textile», «Арайлы», «Жібек.М.», «Гаухар» тігін фабрикасы, «АГФ Групп» өндірістік компаниясы, «Alatex», «Жаңаталап-МТ», «Kazplast», «Шабитекс», «AZALA Cotton», «Әлем-БТ», «Хлопкопром-Целлюлоза», «Бал Текстиль», «НазарТекстиль» сынды кәсіпорындардың әрқайсысы негізін еліміз егемендік алған жылдары қалаған. Бұл Тәуелсіздік жылдарының жемісі.
Айта кету керек, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында 200 гектар аумақ тек тоқыма өнімін шығарушы кәсіпорындарға қарастырылған. Аймақтың инвестициялық портфелі (жалпы құны 86,1 млрд.теңге болатын) 44 жобадан тұрады. Олар 4 318 жұмыс орнын құрып, жергілікті халықты жұмыспен қамтуда. Үзіліссіз жұмыс істеп тұрған 22 жобаға 32,6 млрд.теңге инвестиция тартылған. 2282 жұмыс орны ашылған.
Шымкентте шығарылатын өнімнің жартысынан көбі, яғни, 45,1 млрд. теңгегенің тауары жақын және алыс 22 елге экспортталады.

 

Береке ДҮЙСЕБЕКОВ,

Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы:

540

– «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында биыл 13,3 млрд.теңгеге 7 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Бұл өз кезегінде жаңа 361 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аймақтың аумағын қосымша 389 га дейін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Қазіргі таңда жер учаскесі айқындалып, мемлекет меншігіне қайтару бойынша қала әкімдігінің қаулысы қабылданды.
Жалпы индустриялық аймақтарда 2021 жылы 25,5 млрд.теңгеге 497 жұмыс орнымен 9 жобаны іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, игерілмеген жер учаскелерін қайтару бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

 

Жанар КӨШЕРОВА,
«AZALA Textile» ЖШС-нің директоры:

538

 

–Әрине, бастапқыда кәсіпорынды ашу барысында бірқатар қиындықтар кездесті. Тек еңбек пен ізденімпаздықтың және кәсіпкерлік пен отандық өндірісті дамытуға деген мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінде компаниямызда 600-ге жуық жұмыс орны ашылып, жылына 3 миллион данаға жуық төсек жаймасының жиынтығын, 10,4 млн дана түкті тігін матасын өндіріп отырмыз. Біздің өнімдеріміз шетел нарығында «Қазақстанда жасалған» тауар белгісімен өте танымал.