Алаңға оюлы текемет салынды Избранное

Среда, 28 Июль 2021 03:36 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1257 раз

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы алаңына оюлы текемет салынды. Жәй емес, қошқар мүйізді текемет. Ынтымағы жарасқан ұжымның еңбегі деуге болады. Бұл қазақы дәстүрімізді дәріптеп, ұлттығымызды ұлықтап жүрген орталықтың тың идеясы.

530

 

Оюлы текеметті сырлы түрлі-түсті бояумен безендірген. Алдағы уақытта орталыққа келген қала тұрғындары мен қонақтары текеметті тамашаласа, ал балақайларға түрлі ұлттық ойындарды, яғни орталық іс-шараларын осы текемет үстіне ұйымдастырылатын болады.
Естеріңізге салсақ, Қазақстан аумағы бойынша жалғыз орталық, яғни «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы Шымкент шаһарында орналасқан. Мұнда салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізіліп, баспа өнімдері шығарылып және де ғасырдан ғасырға жеткен ұлттық құндылықтарымыз кеңінен насихатталады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.