Шұғыл шақыртулар көбейді Избранное

Пятница, 23 Июль 2021 04:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1474 раз

Шымкентте эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігіне байланысты мобильді бригадаларға шақырту көбейді. Бригадаларға күніне мыңнан аса шақырту түсуде. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.

519

 

Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі таңда 39 мемлекеттік және жекеменшік емханада 205 мобильді бригада жұмыс істеуде. Аталған бригада қызметкерлері Covid-19, пневмонияға шалдыққан, жіті респираторлық аурудың белгілері бар пациенттерге үйде амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді. Сондай-ақ ковидке күдікті пациенттерден жедел ПТР-тестілеу алады.
– Қазіргі таңда 2 551 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда. Амбулаториялық ем қабылдап жатқандарға мобильді бригада қызметкерлері көмек көрсетуде. Қалада жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 13 521 науқас анықталған. Инфекциялық стационарда коронавируске шалдыққан 121 жүкті әйел емделуде. Қауіпті инфекция жұқтырған 6 жүкті әйелдің жағдайы ауыр, – деді Б. Позилов.
Айта кетейік, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 418 жағдайы тіркелді. Қазір инфекциялық стационарлардағы жансақтау бөлімінде 171 науқас емделуде. Төсек-орын толымдылығы 64%-ға жетті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.