Версия для печати

66 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАсЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ Избранное

Среда, 21 Июль 2021 04:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1608 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкенттің бес жылдық даму жоспарында қолайлы қала қалыптастыру міндеті белгіленіп, оның аясында атқарылатын жұмыстар айқындалған. Азаматтарға қолайлы орта құру шеңберінде тұрғындардың талап-тілегі міндетті түрде ескеріледі.

481

 

Бұл бағытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдағы ашықтық пен жариялылықты жетілдіре түсетін тағы бір реформасы – «Халық қатысатын бюджет» жобасының маңызы орасан.
Биылғы алғашқы жартыжылдықта халық қатысатын ашық бюджет жобасы аясында шағын аудандар мен тұрғын алаптарда 66 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылды. Белгіленген жұмыстарды іске асыру барысында тұрғындардың талап-тілегі ескеріліп, балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларының жобалары, жасыл желекті күтіп-ұстау мәселелері келісілді. Тұрғындардың талап-тілегі көшелерге бейнебақылау камераларын орнату ісінде де ескеріледі. Қазіргі кезде қала көшелеріне 2479 камера орнатылған болса, биыл олардың санын қосымша 3740 бірлікке ұлғайту жоспарланған.
Тұрғындардың өтініштері бойынша 1500 бейнабақылау камералары көпқабатты тұрғын үй аулалары мен қоғамдық орындарға қойылатын болады. Көлік қозғалысы аса бақылауды қажет ететін жол учаскелеріне 2240 дана бейнебақылау құрылғылары орнатылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.