Версия для печати

1728 АЗАМАТ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ Избранное

Пятница, 16 Июль 2021 03:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1437 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Биыл Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағытымен тұрғын үй кезегінде тұрған 1728 азамат
несиелік баспанаға қол жеткізеді.

466

 

Қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов тұрғындарды кезекті қабылдауында осы бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аталған бағыт бойынша «Отбасы банк» өзінің интернет ресурстары арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар арасында 27 үйді сату бойынша өтінімдер қабылдаған.
1 кезеңдегі 576 пәтер бойынша ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айлары аралығында конкурс өткен. Нәтижесінде 590 өтінім қабылданып, 273 азаматтың өтінімі мақұлданған. 2 кезең бойыша 512 пәтерге ағымдағы жылдың сәуір-мамыр аралығында конкурс өткізіліп, нәтижесінде, 1084 өтінім қабылданды. Қазіргі таңда мақұлданған 280 өтінім бойынша төлем қабілетін растаған азаматтар арасында пәтер бөлу процедуралары жүргізілуде. 3 кезеңге сәйкес, 640 пәтерге мамыр-маусым аралығында конкурс өткізіліп, нәтижесінде 1240 өтінім қабылданған. Қазіргі таңда банк тарапынан конкурсқа қатысқан азаматтардың төлем қабілетін растау жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, барлық қалған несиелік бағыттағы пәтерлер бойынша аталған 3 кезең біткеннен кейін тағы конкурс жүргізілу жоспарлануда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.