Версия для печати

ВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР 30 ПАЙЫЗДАН АСТЫ Избранное

Пятница, 16 Июль 2021 03:38 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1239 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте COVID-19 індетін жұқтыру фактілері көбейіп отыр. Соңғы бір айда вирус жұқтырғандардың саны 31 пайызды құраған. Қауіпті инфекциядан көз жұмғандар саны да артқан. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов ақпараттық коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

462

 

Басқарма басшысының сөзінше, жыл басынан бері қауіпті індет 10264 науқастан анықталған.
– Қазірде жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 1263 науқас ем қабылдауда. Аурухана толымдылығы 58% құрайды. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 342 жағдай тіркелді. Қазір ауруға шалдыққан науқастардың саны күрт көбейген. Өкінішке қарай, қалада жыл басынан бері 191 науқас қайтыс болды. Қайтыс болғандардың барлығы вакцина алмаған, - деді Б.Позилов.
Айта кетейік, бүгінгі күні қалада коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 2 196 төсек орын бар. Эпидемиологиялық жағдай өршігенде, инфекциялық төсек-орындар саны бес мыңға дейін көбейтіледі. Бұл үшін медициналық мекемелерде дәрілік қормен және қажетті жабдықтармен қамтылған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.