ҚАЛА БЮДЖЕТІНІҢ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙТЫЛДЫ Избранное

Среда, 16 Июнь 2021 04:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1445 раз

Кеше Шымкент қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы мен кезекті алтыншы сессиясы өтті. Сессия отырысына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

210

 

Сессияға депутат Албина Елшиева төрағалық етіп, жүргізіп отырды.
Сессияның күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Шымкент қалалық әкімдігінің және қалалық тексеру комиссиясының 2020 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері тыңдалды. Сондай-ақ, «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралып, тиісті шешім қабылданды.
Мұнан бөлек Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалу барысы қаралды.
Жиында депутаттар халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, оңалту шаралары және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасына өзгеріс енгізу туралы мәселені қарады.
Сонымен қатар Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының есептері тыңдалды.
Мұнан бөлек сессия барысында қала әкімдігінің жанындағы салалық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.
Басқосудың соңында қала әкімі Мұрат Әйтенов сөз сөйлеп, сессияны қорытындылалы.