Версия для печати

КӘСІПОРЫНДАРҒА – «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН Избранное

Пятница, 11 Июнь 2021 03:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1917 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы және «AZALA Textile» ЖШС арасында жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту туралы меморандумға қол қойылды.

980

 

Кездесуде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігі түсіндіріліп, «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс» бағыттарына мемлекет есебінен ақылы жұмыстарға жұмыссыз азаматтарды жұмылдыру мақсатында келісім жүргізілді.
– Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеуі үшін саланың қыр-сырын білетін кәсіби кадрлар керек. Бүгінде мамандар аз, жұмысшылар келсе, үйретеміз, шеберлер бар. Өндіріс орнына тоқымашылар, тігіншілер, операторлар және дизайнерлер жетіспейді, – дейді кәсіпорын директоры Жанар Кушерова.
Техникалық мамандық иелерін кәсіпорынға тартуды көздеген тоқыма фабрикасының өкілдері мемлекеттік бағдарламаның тиімділігіне қызығушылық танытып, алдағы уақытта қажет мамандарды жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыруды жүзеге асырмақ.
«AZALA Textile» тоқыма фабрикасы қаладағы ең үлкен кәсіпорындарының бірі саналады. Компания сырттан шикізат сатып алмай, өз өнімімен өзін толық қамтамасыз етіп отыр. Мақта зауыты мен жіп, мата дайындау цехы толық қуаттылықпен жұмыс істеуде.
Қазіргі таңда «Оңтүстік» АЭА-да 25 жоба іске қосылып, жалпы 2293 жұмыс орны ашылған. Алдағы 2 жылда тағы 23 жоба іске қосылып, 2000-нан аса жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Айта кету керек, тоқыма фабрикасы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Компания жеңіл тоқыма өнімдерін өндіреді, көрпе тыстары мен жастық, сүлгілер, ақжаймалар мен басқа да тұрмыстық жағдайға қажет бұйымдар шығарады. Сонымен қатар, еліміздегі тігін цехтарынан медициналық бетперде жасау үшін қазір фабриканың сапалы маталарына, бөздеріне сұраныс артқан. Кәсіпорын Шымкентпен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Ақтау қалаларынан тапсырыс алуда.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.