Версия для печати

109 тыңдап тұр Избранное

Среда, 09 Июнь 2021 04:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1759 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкенттегі iKomek 109 орталығына бүгінгі күнге дейін 137 085 арыз-шағым түскен. Оның орындалғаны - 134 483, ал 2602-сы орындалу үстінде.

960

 

Соңғы мамыр айының өзінде орталыққа 18 176 тұрғын хабарласқан. Оның 17 195 арызы орындалып, шешімін тапқан болса, қалған 981 сұрақ тиісті сала мамандарының қарауында тұр.
Орталық басшысы А.Әміртаевтың айтуынша, тұрғындар тарапынан қойылатын сұрақтардың басым бөлігі қоғамдық көлік, жол инфрақұрылымы, қатты тұрмыстық қалдықтар, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй және құрылыс салалары бағытында.
Шағымданушылардан өзге, кеңес алу үшін хабарласатындар да бар. Олардың бірі қоғамдық көліктердің бағыттарын сұраса, кейбірі анықтамалық ретінде нөмірлер сұрап жатады. iKomek 109 орталығының жүйелі жұмысының нәтижесінде 408 кәріз жүйесі, 51 шатыр, 77 лифт жөнделген. Сонымен бірге, 82 экологиялық мәселе шешімін тапқан.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.