Версия для печати

ДАУЫЛДЫ ЖЕЛДЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ЖОҚ Избранное

Среда, 09 Июнь 2021 04:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1660 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шаһарда соңғы апталарда ауа райы күрт өзгеріп, аптап ыстықпен қатар жел екпіні күшеюде. Қазгидромет желдің екпіні күшейетіні туралы алдын ала дауылды ескертулерді жариялауда. Ол туралы тұрғындарға СМС хабарламалар, телеарна, радио арқылы хабарлама таратылған болатын.

959

 

Шымкентте 6 маусымда кешкі 18.30 шамасында екпіні секундына 15-тен 28 метрге дейін болатын дауылды жел соқты. Нәтижесінде 1 коммерциялық нысанның, 4 жеке меншік үйдің және 8 көп қабатты үйдің шатырлары ұшты. Ұшқан шатырлардың жалпы ауданы 585 шаршы метр.
Сондай-ақ, ауданы 36 шаршы метрді құрайтын көп пәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қаптама материалы, ағаштардың құлауы және үйлердің шатырының бұзылуы салдарынан 8 автокөлік зақымданды.
Дауылды желдің салдарын жою үшін оқиға орындарында Шымкент қаласы ТЖД-ның 6 бірлік техникасы мен жеке құрамның 25 адамы жұмылдырылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазгидромет» РМК алдағы үш тәуліктегі еліміздегі ауа райы болжамын ұсынды.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі фронталды бөліктердің ықпалында болып, жаңбыр жауады. 10 маусымда Қазақстанның орталығында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, қатты жел соғады, нөсер жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-батыстан ығысатын кезекті суық антициклон еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне алып келеді: түнде 3-8, кей жерлерде 12 градусқа дейін. Күндіз 17-22, кей жерлерде 25 градус жылы болады. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.