Версия для печати

Туристерге – кәдесый

Пятница, 04 Июнь 2021 04:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2319 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы жыл басында «30 туриске – 30 сыйлық» акциясын қолға алған болатын. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай басталған іс-шара аясында қаламызға келген қонақтарға ұлттық кәдесыйлар тарту етілуде.

943

 

Шымкент теміржол вокзалы мен әуежайына келіп түскен қонақтарға мегаполистің туристік логотипіне айналған қызғалдақтар мен түрлі пішіндегі магниткалар сыйға берілуде.
– Біздің өңіріміз – қызғалдақтың отаны. Сондықтан осы гүлді брендімізге айналдырып, әлем қызғалдақ арқылы Шымқаланы танып-білсе деген мақсатымыз бар. Сондай-ақ, бүкіл әлемнің туристеріне тән дәстүр – өздері саяхаттаған елдімекен бейнесіндегі кәдесыйларды жинау. Еліне қайтқан қонақтар Шымкентке қайта оралатындай әсер қалдыру мақсатында «30 туриске – 30 сыйлық» акциясын қолға алдық. Алдағы уақытта ұлттық болмысымызды айшықтайтын жергілікті кәсіпорындардың өнімдерін ұсынуды жоспарлап отырмыз, – дейді «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығының басшысы А.Раманов.
«Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы Шымкенттің оң имиджін тек ел ішінде ғана емес, шетелге танытуға серпін беретін мұндай бастамаларды тұрақты ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Себебі, әр турист біз үшін маңызды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.