Қайырымдылық акциясы аясында департаменттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлихан Адаев, кеңес мүшелері – генерал-майор
М.Раманқұлов, подполковник С.Мықтыбаев, подполковник Б.Бекмұхамедов, аға прапорщик Ғ.Байтуғанов кезінде осы салада еңбек еткен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің отбасында болып, олардың аяулы жарларымен жүздесті.
Олар департаментте қызмет атқарған Ұлы Отан соғысының ардагері
М.Абусевтің жары Амина Абусева және ҰОС ардагері А.Есіркеповтың жары
Сарвар Есіркепованы дәстүрлі мерекемен құттықтап, игі тілектерін ақтарды.
Ардагерлер өздеріне көрсетілген құрметке разы болып, алғыс айтты және жұмыстарына сәттілік тіледі.