Атап айтқанда, Шымкент қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселеге сәйкес депутат Е.Қуатбаевтың өкілеттігі аяқталып, оның орнына Ж.Таңатарова сайланды.
Тағы бір маңызды мәселенің бірі – Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындауда біршама өзгеріс енгізілді. Бұл жөнінде
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов баяндады.
Мәслихат бекіткен кешенді сызба жаңа 78 бағыттан тұрады. Оларды енгізуде депутаттар корпусы да белсенді қатысты. Депутаттардың қатысуымен шалғай шағынаудандар мен тұрғын алаптардың тұрғындарымен бірнеше рет кездесу өткізіліп, жоспарланған бағыттар талқыланды. Кездесулер қорытындысы бойынша бағыттарға тиісті өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар, сызбаға сәйкес 7 шағын автобустың бағыттары қаралған. Бұл бағыттағы көліктер үлкен автобустар жүруге мүмкіндік жоқ, көшелері тар және жолаушылар ағыны төмен тұрғын алаптарға қатынайтын болады.
Қазіргі таңда қалада 71 көлік бағыты бойынша жолаушылар тасымалдау қызметі көрсетілуде, оның ішінде 56 бағыт кешенді сызбаға сәйкестендіріліп, қозғалыс сызбалары оңтайландырылды.
Сессия соңында қала әкімі М.Әйтенов қала үшін маңызды шешімдер тек депутаттар мен қала тұрғындарының қатысуымен ғана қабылданатын тағы бір еске салып өтті.