Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және ҚМДБ Аппарат басшысы Ғалимбек Жәдігерұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Дәлелханұлы, ҚМБД-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров және Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов қатысты.
Кітап белгілі дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміровтің құрастыруымен жарық көрді. Автордың бұған дейін де 50-ден астам кітабы мен 200-ден аса ғылыми мақалалары жарияланған.
– Наурызбай қажы Тағанұлының Алла жолында, халық жолында дін өкілдері атынан жасап жүрген игі шаралары көп. Бұл кітап мұсылман бауыр үшін, мыңдаған шәкірттер үшін пайдасы орасан зор. Кітапта иман мен дін жолы, Пайғамбар жолы, ата-ана, жастар, тәрбие туралы қамтылған, бұл құнды еңбек даналыққа, ізгілікке баулитын кітап, - деді Отырар ауданының Құрметті азаматы Сағынай Құралбек.