Жаңа бағытқа жаңа автобустар шықты Избранное

Среда, 05 Май 2021 04:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1374 раз

Шымкентте жолаушылар тасымалдау үшін 18 жекеменшік көлік компаниясында 64 бағыт бойынша 872 автобус қызмет көрсетеді.

741

 

Жолаушылар көлігі саласын жүйелендіру және дамыту мақсатында кешенді схема бекітілген. Бұл ретте аталған сызбамен жаңа маршруттық желі 78 бағытта ұйымдастыру жоспарланған. Қазіргі таңда аталған желіге сәйкес 23 жолаушылар көлігі жұмысы ұйымдастырылды. 4 мамырдан бастап қоғамдық көліктердің сызбаларын оңтайландыра түсу үшін маршруттар желісіне өзгерістер енгізілді.
Қозғалыс сызбалары жүйелендірілетін маршруттардың тізімі қала тұрғындарының шағымдарын саралап, талдай отырып белгіленген. Яғни, №21 («Құрсай» ш.а. – «Айқап» ш.а), №139 («Сайрам» ш.а. – «Ақбар» базары), №133 («Алаш» базары – Тәшенов көш.), №16 («Забадам» ш.а. – Түркістан көш.), №180 («Көкбұлақ» ш.а. – «Автонұр» базары), №191 («Қарабастау» ш.а. – Теміржол вокзалы), №171 («Бозарық» ш.а. – «Гиперхаус» СҮ), №171а («Бозарык» (саяжай) – «Гиперхаус» СҮ), №96 («Қазығұрт» ш.а. – «Автонұр» базары), №45 (Солтүстік саяжай – Ескі қала), №65 («Мәртөбе» ш.а. – «Гиперхаус» СҮ), №32 («Сауле» ш.а. – «Военкомат» аял.), №148 («Шапырашты» ш.а. – «Ақбар» базары), №2 (ш.а. «Самал» – МО №2) автобус бағыттарына өзгерістер еніп отыр.
Қызметтері жаңадан ұйымдастырылатын қоғамдық көліктердің тізімі: №61, №17, №11, №114, №15, №2, №52, №140, №122, №56, №64, №25, №169 және №30 жолаушылар тасымалдау көліктері. Бұл ретте №14, №115 секілді шағын маршруттардың орнына жаңа автобустар шықты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.