Версия для печати

Ынтымақты елдің ырысы мол

Пятница, 30 Апрель 2021 04:59 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3213 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Құрметті шымкенттіктер!
Қадірлі қала қонақтары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – көп ұлтты мемлекетімізді мекендеген біртұтас халықтың ынтымағы мен бірлігінің,
татулығы мен тұрақтылығының тұғырын танытатын мерейлі мейрам. Бұл күні біз баға жетпес байлығымызды – туған ел игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды дәріптейміз.

712

 

Биыл ел Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Осы жылдарда Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орынға ие, экономикасы қуатты, қоғамы тұрақты, халқының бірлігі жарасқан еңселі әрі өркениетті елге айналды.
Бүгінде Қазақстанда 130-ға жуық түрлі этнос өкілдері бір шаңырақтың астында татулық пен ауызбіршілікте өмір сүріп келеді. Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстан өз халқының этникалық және діни әралуандығын проблемаға емес, керісінше, үлкен артықшылыққа айналдыра білді. Мұны бүкіл әлем елдері өздеріне үлгі тұтып отыр.
Ендігі міндет – барды бағалау, бірлікті сақтау жолында аянбай еңбек ету. Бұл – әр қазақстандықтың қастерлі борышы.
«Бірлік болмай – тірлік болмас» деген сөз текке айтылмаса керек. Қазіргі қиын кезеңде біз халқымыздың тас-түйін бірлігіне қай кездегіден де көбірек мұқтажбыз. Өйткені, әлемді әбігерге салған пандемиядан тезірек шығу үшін жұдырықтай жұмылып бірлесе әрекет етуіміз керек. Еліміздегі бірлік пен береке, ұйысқан ынтымақ пен халқымыздың қанына біткен сабырлы қасиеті біздің қатерлі індетті жеңу жолында сенімді қадамдар жасауымызға мүмкіндік беріп отыр.
Осынау орайлы сәтті пайдалана отырып, індеттің таралуына тосқауыл қою жолында аянбай еңбек еткен барша шымкенттіктерге алғыс айтамын.
Достық пен туыстықтың туын бірлесе көтерген елдің қандай қиындықты да еңсеретініне, болашағымыздың жарқын екеніне сенімдіміз.

Құрметті жерлестер!

Бірлік мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге
табыс тілеймін.
Бейбіт өмірдің берекесі мен халқымыздың ынтымақ-бірлігі арта берсін!

Мұрат ӘЙТЕНОВ,
Шымкент қаласының әкімі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.