Шағын көліктер орнына – жаңа автобустар Избранное

Пятница, 30 Апрель 2021 04:58 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 808 раз

Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов мәлімдеді.

709

 

– Шымкентте бүгінде жолаушылар тасымалдау үшін 18 жекеменшік көлік компаниясында 64 бағыт бойынша 872 автобус қызмет көрсетеді. Осы орайда қалалық мәслихаттың шешімімен өткен жылдың желтоқсан айында жолаушылар көлігі саласын жүйелендіру және дамыту мақсатында кешенді схема бекітілген болатын. Бұл ретте аталған сызбамен жаңа желі 78 бағытта ұйымдастырылды. Қазіргі таңда аталған желіге сәйкес 23 жолаушылар көлігі жұмыс істеуде. Ал 2021 жылдың 4 мамырынан бастап қоғамдық көліктердің сызбаларын оңтайландыра түсу үшін бағыттар желісіне өзгерістер енгізіледі, – деді Ержан Жақсылықұлы.
Басқарма басшысының айтуынша, қозғалыс сызбалары жүйелендірілетін бағыттар тізімі қала тұрғындарының шағымдарын саралап, талдай отырып белгіленген. Яғни, №21 (Құрсай ш.а. – Айқап ш.а), №139 (Сайрам ш.а. – «Акбар» базары), №133 («Алаш» базары – Тәшенов көш.), №16 (Забадам ш.а. – Түркістан көш.), №180 (Көкбұлақ ш.а. – «Автонұр» базары), №191 (Қарабастау ш.а. – теміржол вокзалы), №171 (Бозарық ш.а. – «Гиперхаус» СҮ), №171а (Бозарық (саяжай) – «Гиперхаус» СҮ), №96 (Қазығұрт ш.а. – «Автонұр» базары), №45 (Солтүстік саяжай – Ескі қала), №65 (Мәртөбе ш.а. – «Гиперхаус» СҮ), №32 (Сәуле ш.а. – «Әскери комиссариат» аял.), №148 (Шапырашты ш.а. – «Акбар» базары), №2 (Самал ш.а. – МО №2) автобус бағыттарына өзгерістер енгізіліп отыр.
Сондай-ақ, баспасөз мәжілісінде жоғарыдағы сызбаға сәйкес қызметі жаңадан ұйымдастырылатын қоғамдық көліктердің тізімі белгілі болды. Олар – №№ 61, 17, 11, 114, 15, 2, 52, 140, 122, 56, 64, 25, 169 және 30 жолаушылар тасымалдау бағыттары. Бұл ретте №№ 14, 115 бағыттардағы шағын көліктердің орнына жаңа автобустар жүргізілетіні айтылды.
Брифингте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Қоқанбаев 4 мамырда өзгерістер енгізілген соң кешенді схеманың 70 пайызы орындалатынын жеткізді.
Айта кетейік, жолаушылар тасымалдау жұмысын оңтайландыру үшін бүгінде №108а және №152 нөмірлі автобустардың қызметі тоқтатылды. Осы орайда басқарма басшысы бағыттарды қысқарту арқылы қоғамдық көліктердің жүру уақытын реттейтіндерін айрықша атап өтті. Оның сөзінше, өзгеріс барысында шалғай аудандар тұрғындарының орталыққа қатынау мүмкіндігін жақсарту басты мақсат болып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.