Осылайша, коммерциялық құрылымдардың 86 пайызына адам факторының қатысуынсыз қызмет көрсетілетін болады.
Алдағы 5 жылда барлық тұтынушыларға ақылды су есептегіштер орнату жоспарланып отыр. Оның айтуынша, бүгінде қаладағы 7243 заңды тұлғалардың 2,5 мың тұтынушысы электрондық басқару функциясы бар «IC-card» ақылды су есептегішті пайдалануда.
Осы ретте әкім қаланың су жүйесіндегі ақаулар мен жөнделуін және сервисін 100 пайыз автоматтандырсақ қана сапалы қызметке қол жеткізілетінін атап өтті. Сонымен бірге қаланың геопорталына барлық саланың мәліметтері бірегей форматта жиналып, сол жүйені пайдалана отырып әр сала дамуы керек екенін жеткізді.
Сандық технологиялар кәсіпорын қызметінің барлық салаларында қолданылатынын айтқан серіктестік басшысы цифрландырудың арқасында тұрғындар суды үнемдей бастағанын, халыққа қызмет көрсету сапасы жоғарылағанын айтты. Бұдан бөлек, ол 2025 жылға дейін Шымкент қаласының сумен, кәріз жүйесімен қамтамасыз ету туралы стратегиясына қол жеткізу қажеттігін атап өтті.