Версия для печати

КӨКБҰЛАҚ, ИГІЛІКТЕ СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ТАРТЫЛУДА Избранное

Среда, 21 Апрель 2021 04:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4708 раз
Оцените материал
(0 голосов)

2020 жылға дейін Абай ауданындағы кейбір шағынаудандар мен тұрғын алаптарында ауызсу мәселесі күрделі болды. 323 мыңға жуық халық тұратын 34 елдімекеннің оны ұңғыма және тасымалды суды пайдаланды.

659

 

Атап айтқанда, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ, Ақтас-2 тұрғын алаптары мен Ынтымақ-2, Құрсай, Арғымақ, Солтүстік саяжайлары үшін тіршілік нәрі қиындық тудырды. Енді талайды толғандырған мәселе шешімін табуда. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында тұрғындарды ақжолтай хабар қуантты.
– 2018 жылы шалғай елдімекендерді инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жоспары жасалды, – дейді
аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш. Былтыр аудан аумағындағы 8 елдімекенді сапалы ауызсумен қамту жоспарланған. Оның құрылыс жұмыстарына 8,4 млрд теңгеге жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттен 2020-2021 жылдарға қаржы бөлінген. Атап айтқанда Көкбұлақ, Игілік тұрғын алаптарына су құбыры тартылса, дәл қазір Қызылжар, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алаптарындағы құрылыс жұмыстары аяқталып, магистралды су жүйесіне қосу шаралары жүргізілуде.
Өткен жылы Жаңаталап тұрғын алабы, Ынтымақ -2 шағынауданының батыс аумағы, Ынтымақ-2, Жаңа Тұрлан, Нұршуақ шағынаудандарында да арнайы құрылыс жұмыстары басталған болатын. Биыл аудан аумағындағы 25 мыңға жуық тұрғын тіршілік нәрімен қамтылады деп күтілуде.
– Ауызсудың жоғы жайсыздық тудыратын. Дегенмен, аудан әкімшілігі тарапынан аптасына екі рет таза су жеткізіліп тұрды. Қазір елдімекендерге су құбыры тартыла бастады. Бұған ауыл болып қуандық, – дейді Ынтымақ-2 шағынауданының тұрғыны Мақпал Орақбаева.
Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешұлы елдімекендерді инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқаратынын айтады.
Биыл Құрсай шағынауданын, 282, 283 орамдар мен Агрофирма Қарасу аумағын, Ақтас-2 тұрғын алабын, Арғымақ шағынаудандарын сапалы тіршілік нәрімен қамту жұмыстары жалғасуда. Оған 6,6 млрд. теңгенің жобалық құжаттары дайындалып, құрылыс жұмыстарына бюджеттен 3 млрд 653 млн теңге бөлінді.
Биыл Абай ауданына қарасты шағынаудандарға таза ауызсу келеді. Мұнан бөлек шалғайдағы елдімекендерде инфрақұрылым жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіледі.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.