Білімді дамыту 5 бағытта өрбиді

Среда, 14 Апрель 2021 04:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 990 раз

Шымкентте білім саласын дамыту мақсатында 5 негізгі басым бағыт қолға алынған. Олар: кадрлық әлеуетті дамыту, мектепке дейінгі білім беру саласын дамыту, орта білім беру саласын дамыту, техникалық және кәсіби білім саласын дамыту, инфрақұрылым және материалдық-техникалық базаны дамыту. Бұл туралы Шымкенрт қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке 2021 жылдың I тоқсанда атқарылған жұмыстарға есеп берген қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева айтты.

621

 

Басым бағыттарды жүзеге асыруда 2020 жылы 113,8 млрд теңге қаралған болса, осы жылға қаралған қаржы – 133,3 млрд теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,5 млн.теңгеге артқан. Бүгінгі таңда игерілгені –30 421,8 млн теңге. Онда 95 химия кабинеті, 82 биология кабинеті, 50 физика кабинеті, 13 STEM кабинеттер, 23 робототехника кабинеті, 7 логопед кабинеті мен интерактивті тақталар алу, бейнекамералар алуға конкурс жарияланған.
Ал, қалада 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін болып белгіленген.
Ж.Тажиеваның мәлімдеуінше, 2021-2022 оқу жылында 1-сыныпқа болжам бойынша 25 000-ға жуық оқушы қабылдау жоспарланып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.