Жаңа жоба 1500 адамға жұмыс береді

Среда, 14 Апрель 2021 04:01 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1044 раз

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. 2021 жылы құны 16,3 млрд теңгені құрайтын 28 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл ретте 1500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

623

 

Бұл туралы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А. Қаныбеков жыл басынан бергі үш айлық жұмыстардың есебінде мәлім етті.
Басқарма басшысының айтуынша, 2021 жылы ауыл шаруашылығы саласына 16,3 млрд теңге қосымша инвестиция тартылады. 28 инвестициялық жоба іске асырылып, 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары құрылады. 14,6 мың тонна ет, 47,4 мың тонна сүт, 165 млн дана жұмыртқа өндіру жоспарда.
Сонымен қатар, 71,7 мың тонна өсімдік шаруашылығы өнімдері өндіріледі (бидай, арпа, жүгері, көкөніс, бақша, картоп, жеміс).
Атап айтқанда, биыл аумағы 18 гектар жылыжай кешенін (4,8 млрд теңге) құру, 241 гектарды құрайтын қосалқы жерлерге алма бауын егу бойынша 3 жоба (4,7 млрд. теңге), 1700 бас ірі қара мал бордақылайтын 10 жоба (685 млн. тг.) және тағы басқа өндіріс өндіріс орындары ашылады.
Нәтижесінде, жалпы өнімнің көлемі 37 млрд. теңгені құрап, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 3 млн теңгеге жетеді деп болжанып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.