КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ: ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ? Избранное

Среда, 31 Март 2021 04:14 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2960 раз

Елімізде ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңірдегі әкімдердің алдында көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізу міндеті тұр. Кеше ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы қаралды.

518

 

–Көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы жүргізу елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі болып табылады. Былтыр пандемияға қарамастан егіс жұмыстары өте жоғары деңгейде жүргізілді. Агротехнологиялар дәл сақталып, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдары уақтылы салынды. Бұл мол астық жинауға мүмкіндік берді», - деді Үкімет басшысы. Оның айтуынша, биыл Үкімет көктемгі егісті қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шешімдерді қабылдады. Бюджеттік кредит берумен қатар биылғы жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген қаражаттың көлемі 24,5 млрд теңгеден 45,3 млрд теңгеге дейін артқан.
Шымкентте көктемгі егін егуге дайындық жұмыстары басталды. Биыл шаһарда 29,3 мың гектар жерге егін егу жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 мың гектарға артық (2020 жылы – 27,9 мың гектар). Оның ішінде дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері) – 12,9 га, майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) - 3,8 га, көкөніс пен бақша – 3 га, картоп - 0,7 га, мал азықтық дақылдар - 8,9 га аумаққа егіледі деп көзделуде.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 1 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, оператор анықталып қойған. Бұл қаладағы ірі 60 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егін егу жұмыстарын жүргізуге толығымен жетеді. Агроқұрылымдарға жеткізіп беруді қоса алғандағы жеткізу құны литріне 157 теңге болып бекітілді (нарықтағы бағасы 183-185 теңге).
Көктемгі дала жұмыстарына трактор, тұқым сепкіштер, жер қопсытқыштар, топырақ өңдейтін агрегат секілді техникалардың саны жеткілікті. Бүгінде олар 93,2 пайызға дайын.
Сонымен қатар, шаһарда осы жылға минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 122 млн. 146 мың теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 5 млн. 885 мың теңге, пестицидтердің, биоагенттердiң құнын субсидиялауға 600 мың теңге бөлінді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.