Версия для печати

Артық білім – кітапта Избранное

Пятница, 26 Март 2021 03:58 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2527 раз
Оцените материал
(0 голосов)

10 кітапхана қайта жаңғырады

Бұл туралы Забадам елді мекеніндегі Отбасылық кітапхананың ашылуында айтылды. Руханият ошағының ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтап, қайта жаңартудан өткен кітапхана елдімекен тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлайтынын жеткізді.

437

 

–Қала тұрғындарын, жастарды кітап оқуға үндеу мақсатында кітапханаларға жаңғырту жұмыстарын бастадық. Қазір жастардың көбі бос уақытын интернет пен әлеуметтік желілерде өткізеді. Неге олар кітапханаларға келіп, оқып, білімін молайтпасқа?! Егер жұмыстар нәтижесін көрсетсе әрі қарай жалғасын табады. Биыл қала бойынша 10 кітапхана қайта жаңартылады, – деді Мұрат Әйтенов.
Заман талабына сай жабдықталған кітапхананың ашылу салтанатына келген қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова рухани орданың мән-маңызына тоқталып, ізгі лебіздерін білдірді.
Айта кетейік, отбасылық кітапханада 35 мың кітап қоры, 3000-ға жуық оқырман бар. Балалар емін-еркін кітап қорына қол жеткізе алады. Отбасылық кітапхана жаңартылған форматта қызмет көрсетеді.
Бұдан былай балалар кітапханаға ата-аналары, ата-әжелерімен келіп уақытын тиімді өткізе алады. Тек кітап оқып қана қоймай, спорттық және шеберлік үйірмелеріне қатысуға мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, кітапханаға ата-анасымен ең жиі келетін балалар зообаққа барып, цирк қойылымдары мен мәдени орындардағы шараларды тегін тамашалай алады.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.