Версия для печати

19 миллионға жуықтадық! Избранное

Среда, 17 Март 2021 05:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2317 раз
Оцените материал
(0 голосов)

2021 жылғы 1 ақпанда еліміздегі халық саны 18 897,9 мың адамды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

324

 

Халық саны ішінде қалалықтар –11 169,7мың (59,1%), ауылдықтар 7 728,2 мың адамды (40,9%) құрайды. 2020 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 244,4 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті. Халықтың табиғи өсу көрсеткіші 2021 жылғы қаңтарда 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда 821 адамға немесе 3,6% кеміп, 216,8 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,44 адамды құрап отыр.
АХАТ органдарының мәліметі бойынша 2021 жылғы қаңтарда туғандар саны 34,2 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтардағы көрсеткішке қарағанда 0,6% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,17 адамды құрады.
Көші-қон қызметі органдарының мәліметтері бойынша, 2021 жылғы қаңтарда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 57,8%-ға азайып, 79 290 адамды құрады. Елімізден кеткендердің тіркелу саны 43%-ға азайып, 80 199 адамды, көші-қонның айырымы 909 адамды құрады. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі 81,9% және тиісінше 84,8%-ды құрады. Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 19,1%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Маңғыстау (90 адам) облысында, Нұр-Сұлтан (2 202 адам),
Алматы (3 223 адам) және Шымкент (3 060 адам) қалаларында.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.