Версия для печати

Көлік кептелісінен құтылуға аз қалды Избранное

Среда, 17 Март 2021 05:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2265 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жолайырық құрылысы барысын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады.

319

 

– Жол құрылысы саласында қысы-жазы тоқтаусыз қызу жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі ең үлкен маңызды жобалардың бірі – Қонаев даңғылы мен Рысқұловкөшесі қиылысындағы жолайырық. Тоқтаусыз жұмыс нәтижесінде бүгінге дейін 1,92 шақырым су, 1,82 шақырым газ құбырларының, 1,2 шақырым электр және 6 шақырым байланыс сымдарының орны ауыстырылды. Сондай-ақ, 350 м тоннель қазылып, 220 м тіреу қабырғалары құйылды, 7 дана бағана орнатылып, 106 дана қада құйылды. Жоспарланған меже бойынша
Қонаев даңғылын 1 қыркүйекке дейін, ал Рысқұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге 1 қарашаға дейін ашуымыз керек», – деді М.Исахов.
Қала әкімінің орынбасары, сондай-ақ, шаһардағы ауқымды жобалардың бірі – Қонаев даңғылы жалғасының 3-кезеңі туралы баяндап өтті.
– Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма теміржолын, 948 м кәріз құбырын салу, 3,4 шақырым кабель желілері, 24 теміржол электр бағаналарын және 2 дана жерасты жаяу жүргіншілер өткелін орнату жұмыстары орындалды. Дәл қазір уақытша айналма теміржолының 2 бағыты негізгі магистралды теміржолға қосылып, көпір қадаларын құю жұмыстары қызу жүргізілуде, – деді Мақсұт Пернебайұлы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.