– Жол құрылысы саласында қысы-жазы тоқтаусыз қызу жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі ең үлкен маңызды жобалардың бірі – Қонаев даңғылы мен Рысқұловкөшесі қиылысындағы жолайырық. Тоқтаусыз жұмыс нәтижесінде бүгінге дейін 1,92 шақырым су, 1,82 шақырым газ құбырларының, 1,2 шақырым электр және 6 шақырым байланыс сымдарының орны ауыстырылды. Сондай-ақ, 350 м тоннель қазылып, 220 м тіреу қабырғалары құйылды, 7 дана бағана орнатылып, 106 дана қада құйылды. Жоспарланған меже бойынша
Қонаев даңғылын 1 қыркүйекке дейін, ал Рысқұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге 1 қарашаға дейін ашуымыз керек», – деді М.Исахов.
Қала әкімінің орынбасары, сондай-ақ, шаһардағы ауқымды жобалардың бірі – Қонаев даңғылы жалғасының 3-кезеңі туралы баяндап өтті.
– Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма теміржолын, 948 м кәріз құбырын салу, 3,4 шақырым кабель желілері, 24 теміржол электр бағаналарын және 2 дана жерасты жаяу жүргіншілер өткелін орнату жұмыстары орындалды. Дәл қазір уақытша айналма теміржолының 2 бағыты негізгі магистралды теміржолға қосылып, көпір қадаларын құю жұмыстары қызу жүргізілуде, – деді Мақсұт Пернебайұлы.