Версия для печати

Масленица тойланды Избранное

Среда, 17 Март 2021 05:10 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2185 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Үшінші мегаполисте масленица мерекесі аталып өтті. Іс-шараны Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының славян этномәдени бірлестігі мен қалалық орыс драма театры ұйымдастырды.

321

 

Орыс драма театрының ғимаратында өткен мерекеде қаладағы 15-ке жуық өнер ұжымы, балалар ансамбльдері көрерменге мерекелік бағдарлама ұсынып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бұл күні түрлі сахналық көріністер, ұлттық билер, хор әндері шырқалып, балаларға жұмбақтар жасырылды, сыйлықтар таратылды. Славян әдебиетінің частушка жанры да орындалды.
– Мемлекет басшысының тапсырмасымен Әз-Наурыз елімізде он күн бойы атап өтіледі. Шымкентте де осы онкүндікте жүзден астам іс-шара ұйымдастырылмақ. Әрине, барлық санитарлық талаптар сақталады. Сол сияқты славян халықтарының Масленицасы да – көктем мерекесі. Баршамызды жыл басымен құттықтаймын, – деді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Мәди Манатбек.
Бұл күні театр фойесінде шымкенттік қолөнершілер мен шеберлердің туындылары көпшілік назарына ұсынылып, көрме ұйымдастырылды.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.