Версия для печати

«Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін!» Избранное

Среда, 17 Март 2021 05:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2447 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақ халқының қадым замандардан бергі қаймағы бұзылмай келе жатқан дәстүрлерін бүгінгі жастарға ұлықтау – басты мақсат. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз
мерекесі қарсаңында Шымкенттегі Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін!» атты іс-шара өтті.

316

 

Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін, өмірдегі алғашқы қадамы сәтті болсын деген тілектен туған дәстүр. Тұсау кесу сәбидің өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасалатын ырымы.
Бұл жолғы рәсім Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Шымкент қаласының 2200 жылдық мерекесіне орай, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында ұйымдастырылды. Онда шымкенттік 1-3 жас аралығындағы ұл балалардың тұсауы кесіліп, салт-дәстүрге сай жөн-жоралғы жасалды. Іс-шараны белгілі айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов жүргізді.
Елімізге танымал зиялы қауым өкілдері Нұрбол Сүлейменов, Сәбит Әбдірайымов, Мұхан Байбосын, Мырзабай Омар және Бекайдар имам, «Жігіттер» квартетінің әншілері балғындардың тұсауын кесіп, ақ батасын берді.

318


Балалардың қаз-қаз басқан қадамына шашу шашылып, дастархан бауырсақ, тандыр нан, сары май, қымыз, қымыран, құрт, қызыл ірімшік, қаттама, тары-талқан секілді ұлттық тағамдармен толықты.
Айта кетейік, тұсаукесер рәсім қайырымдылық бағытта өтті. Кеш соңында «Көркем әжелер» ансамблі ән шашуын арнады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.