«Әлемнің туристері ағылатын мерекеге айналады» Избранное

Среда, 17 Март 2021 05:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 419 раз

Шымкентте Көрісу күніне орай «Наурыз: жаңа арман, жаңа үміттер» атты салтанатты іс-шара өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, зиялы қауым мен қоғамдық ұйым өкілдері, тұрғындар мен жастар қатысты.

332

 

Барша жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтаған қала әкімі Көрісу күнінің мағынасына тоқталып өтті.
– Қыстан аман-есен шыққан ағайын бір-біріне қонаққа барып, хал-жағдай сұрасып, бір-бірімен көріскен екен. Бұл дәстүр
Қазақстанның батыс аймақтарында жақсы сақталған. Биыл елімізде Наурыз мейрамын атап өтудің концепциясы әзірленіп, мерекені 14 наурыздан 24 наурызға дейін, 10 күн қатарынан атап өтеміз. Қазақстандағы ең жылы қала – шырайлы Шымкентіміз биылғы Наурызға ерекше дайындалуда. «Наурыз Шымкенттен басталады» ұранының аясында бұл мерекені жылда жоғары деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді М.Әйтенов.
Қала әкімі, сонымен қатар, Наурызды Шымкентте халықаралық деңгейде жыл сайын атап өтілетін, оған әлемнен туристер ағылатын мерекеге айналдыру мақсаты тұрғанын жеткізді.
Іс-шара барысында Наурыз туралы деректі фильм көрсетіліп, «Көрісу» атты театрландырылған көрініс болды. Көрісу рәсімі кезінде санитарлық талаптар сақталды. Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен жалғасты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.