Көктем көшет егумен басталды Избранное

Среда, 10 Март 2021 04:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1082 раз

Шымкентте жыл сайын көктем мезгілі келгенде айналаны тазалау, ағаштарды бұтап, түбін әктеу және жас шыбықтар отырғызу үрдіске айналған. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысқан жалпықалалық сенбілікке 8 мыңнан астам тұрғын шаһар тазалығына атсалысты.

219

 

Қала әкімдігінің бастамасымен қолға алынған сенбілікте қатысушылар төрт аудандағы саябақтар мен гүлзарларды, аула мен көшелерді және арық-атыздарды қоқыстан тазартты.
Сенбілікте Мұрат Дүйсенбекұлының басшылығымен Абай ауданының аумағына 20 мың түп қарағаш пен жыңғыл ағашы отырғызылды. Көшеттер Ақжар тұрғын алабына дейінгі көшенің бойына, мұсылман мазаратының маңына және Бадам өзенінің жағалауына егілді. Жалпы сенбілік барысында Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары аумағында тазалық жұмыстары қызу жүргізілді. Атап айтсақ, Қаратау ауданы бойынша жалпы 8 секторға бөлініп, көпқабатты үй ауласымен ішкі орам көше бойларындағы жасыл аймақ, жаяу жүргіншілер жолы, сынған бұтақтар мен қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ көпқабатты үй ауласы мен ішкі орам көшелерінің бойларына 2000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Абай ауданы бойынша 20 мың түп ағаш егілсе, оның ішінде 10 мың түп қарағаш, 10 мың түп жыңғыл ағашы бар. Сонымен қатар, 258 ауланың 72-не 3 мың түп раушан гүлі егілді.
Әл-Фараби ауданы бойынша Сәуле шағындауданы (№276 және №195 орам) жаңадан салынған жолдардың аумағында сенбілік ұйымдастырылып, жалпы 1300 ағаш отырғызылды.
Еңбекші ауданында 1-ші автожол көшесінің бойына, 16 шағынауданда №39 орта мектеп аумағы мен «Фосфоршылар» мәдениет сарайы аумағында сенбілік өтіп, тұрғындар белсенділік танытты. Аталған аудан аумағында жалпы 2000 мың түп ағаш отырғызылды. Бұл күні қала әкімдігінің құрылымдық 10-нан астам басқарма қызметкерлері Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябағына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, жалпықалалық сенбілікке 130-дан аса арнайы техника жұмылдырылды. Жиналған қоқыстар қала сыртына шығарылды. Барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып атқарылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.