АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ Избранное

Среда, 10 Март 2021 04:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2048 раз

Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұжымы әскери қызметшілердің аналарын мерекелерімен құттықтады. Әскери қызметшілер аналарға құрмет көрсетіп, алғыс хат табыстады.

215

 

– Біз ең жарқын мерекенің бірі – Халықаралық әйелдер күнін ерекше жылылықпен атап өтеміз. Отанға деген сүйіспеншілік анаға, отбасы ошағына деген сүйіспеншіліктен басталады. Ал отбасыда алған тәрбие – бүкіл халқымыздың гүлденген және табысты болашағының кепілі, – дейді қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник Ринат Мадьяров.
Аналары өз өмірлерін әскери кәсіппен байланыстырған ұлдарын ерекше мақтаныш тұтады.
– Мен ұлымның әскери қызметші екенін мақтан тұтамын. Ұжымдастарының бізге көрсеткен қолдауы мен қамқорлығына үлкен рахмет. Армияда тек әскери адамдар ғана емес, сонымен бірге оларды өсіріп, тәрбиелеген жандардың да бағаланатыны қуантады, – деді жас офицердің анасы Гүлзада Жарымбетова.
Айта кетейік, департаменттегі әскери қызметкерлердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі мамандар моральдық-психологиялық жай-күйді және ықтимал проблемалық мәселелерді зерделейді, әскери қызметшілердің туыстарымен тұрақты байланыста болады. Сонымен қоса жас және көп балалы отбасылармен жеке жұмыс жүргізілуде.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.