Көркейтуге көңіл бөлінуде Избранное

Среда, 10 Март 2021 04:15 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1949 раз

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру жиынында тұрғындар тарапынан қойылған сауалдар аз болмады. Солардың қатарында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру ісі де айтылды.

202

 

Қала басшысының тапсырмасына сәйкес аудан әкімдері бүгінде сөзден іске көшкендей. «Халыққа қолайлы жағдай жасауымыз керек» деген қала әкімінің мәселеге айрықша мән беруі де сала мамандарының істі жандандыра түсуіне негіз болып отырғандай.
Атап айтқанда, Абай ауданындағы 258 ауланың тең жартысы абаттандырылып, барлығында балаларға арналған ойын алаңшалары салынған. 6 спорт алаңшасы тұрғындардың игілігіне берілген. Бұған дейін пайдалануға берілген 24 спорт алаңшасына биыл жөндеу, сынған турникеттерді түзету, ретке келтіру жұмыстары жүрді.
– Тұрғындар үшін қолайлы аула жасап бергені үшін қала әкіміне, аудан басшыларына ризашылығымызды білдіреміз. Карантин кезінде ешқайда шыға алмай отырған балаларымыз өз ауламыздағы ойын алаңшасы мен спорт алаңқайында бір уақыт ойнап, серги алады. Қолайлы қала дегеніміз осы ғой, – дейді аудан тұрғыны Лола
Садықбаева.
Айта кетейік, Абай ауданында 34 елді мекен бар. Оның көбі қала орталығынан қашықта орналасқан. Жылдар бойына қордаланып келген бұл аймақтардағы коммуналдық мәселелердің бірқатары былтыр шешілген болатын. Биыл, су құбыры тартылып, жол салынған елді мекендерді абаттандыру, көркейту мәселелеріне көңіл бөлінуде. Балаларға арналған ойын алаңшалары, спорт алаңқайлары салынуда. Осылайша 42 спорт алаңшасы шалғайдағы шағынаудан тұрғындарын қуантпақ.
– Тұрғындар тарапынан аулаларды көркейту, елді мекен ішін абаттандыру мәселесіне байланысты көптеген өтініштер келуде. Барлық өтініш назарға алынып, арнайы жоспар түзілген. Соған сәйкес, жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, ойын алаңшаларына орнатылатын құрылғылардың бала өміріне қауіпсіз болуына жіті мән беріп отырмыз, – дейді Абай ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Әбілхайыр Оңғар.