Версия для печати

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ НОТАРИУССЫЗ ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ Избранное

Пятница, 26 Февраль 2021 04:19 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3112 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Тұрғындар нотариустерге көбіне жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша жүгінетіні рас. Бұдан былай, ХҚКО-да жылжымайтын мүлікті арзан әрі жылдам тіркеуге болады.

163

 

Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондап, оны растау үшін ХҚКО-ға 20 минут ерте барсаңыз болғаны. Құжаттарыңыз түгел болса, қызметтің бұл түріне (тұрғын үй үшін) - 1 202 теңге төлейсіз. Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – 1 жұмыс күні.
Ал, тұрғын үйден басқа жылжымайтын мүлік түрлері үшін қызмет құны (қойма, автотұрақ, т.б.) ауданына қарай өзгереді.
Егер тұрғын үй жекежай болса, қызмет құны өзгермейді, бірақ жер телімі және басқа да жекежай аумағындағы құрылыс нысандары үшін қосымша төлем жасалады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.