ТҰРҒЫНДАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ Избранное

Среда, 24 Февраль 2021 03:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 970 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды онлайн режимде қабылдады. Тұрғындарды қабылдау ашық есік форматында, жылдық есеп беру кездесудің алдында ұйымдастырылып отыр.

138

 

Тұрғындар инфрақұрылым, инженерлік жүйелер, баспанамен қамту, қоғамдық көлік, абаттандыру мәселелерін көтерді.
Еңбекші ауданы Бадам-1 шағынауданының тұрғыны Ақылбек Тұрсынбаев Қапал батыр көшесі бойында «Алем Строй-1» мердігер мекемесінің жолды қалпына келтіру жұмыстарын сапалы орындамай жатқанына наразылығын жеткізді. Тоғыс тұрғын алабындағы кәріз жүйелерінің құрылысы кезінде жер жұмыстары жүргізілген аумақ жобаға сай қайта қалпына келтірілген. Алайда қосымша шағал тас төсеу қажеттілігі анықталып, «Алем Строй-1» ЖШС өз есебінен тас төсеу жұмыстарын атқарды.
Қала әкімі мердігер мекеме тарапынан жолды қалпына келтіру жұмыстарының сапалы атқарылуы қатаң бақылауға алынатынын мәлімдеді.
Еңбекші ауданы Пахтакор-2 шағынауданы Машат көшесінің тұрғыны Аманжол Тілемісов көшені жарықтандыру, кәріз жүйесі мәселелерін алға тартты. Ал Абай ауданы Ақниет шағынауданының тұрғыны Иманәлі Рысқұлбеков кәріз және ирригация жүйелерінің мәселелерін қозғады.
М. Әйтенов тұрғын алаптар мен елдімекендерді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамалары сараптамадан өткен соң қаржы бөлу мәселесін қарастыруды Мәулен Зарлықұлына жүктеді. Сондай-ақ, қабылдауда Абай ауданы Карл Маркс елдімекені тұрғындары қоғамдық көлік, Арыстан баб көшесі тұрғындары автовокзалдағы такси қозғалысын реттеуді сұрады.
Мұрат Дүйсенбекұлы жалпы 24 адамның арыз-шағымын тыңдап, орынбасарларына, басқарма басшыларына тиісті тапсырма берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.