Версия для печати

ВАКЦИНА: ЕКІНШІ ДОЗАНЫ ЕГУ БАСТАЛДЫ Избранное

Среда, 24 Февраль 2021 03:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2074 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінде «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын егу жұмыстары басталды. Вакцинация шаһардағы төрт екпе бекетінде жүргізілуде.

137

 

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алғашқылардың бірі болып Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов салдырды.
–1-19 ақпан күндері аралығында «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасын салып бітірдік. Күні кеше бізге тағы 1000 доза вакцина жеткізілді. Төрт емханаға вакцина таратылып, егу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін вакцина алғандар екінші дозасын алуы қажет. Мен өзім екінші дозасын алдым. Қазір жағдайым жақсы, - деді басқарма басшысы
Б.Позилов.
Айта кетейік, қалаға жеткізілген «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын коронавирус инфекциясымен алдыңғы шепте күресетін медицина қызметкерлері алады. Мұнан кейін жоспар бойынша өз еркімен келісім берген мұғалімдер мен полицейлерге салынбақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.