ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАР ҮЗДІКСІЗ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Избранное

Пятница, 15 Январь 2021 04:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2556 раз

Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік», «Тассай» индустриялық аймақтары мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

514

 

«Оңтүстік» индустриалды аймағында 2020 жылы 345 жаңа жұмыс орнын құраған 3 жоба жүзеге асырылды. 2021 жылы 6 инвестициялық жобаны (306 жаңа жұмыс орны) іске қосу жоспарлануда.
2016 жылы ашылған «Тассай» индустриялды аймағының аумағы бүгінде толық 100 пайызға жұмыс істеп тұр. 2020 жылы 6 инвестициялық жоба іске асты. Биыл тағы 3 жобаны іске қосу көзделуде. Сондай-ақ, бүгінде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтың аумағын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкімі «Тассай» индустриалық аймағының инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртудың 2-ші кезеңі бойынша тиісті бюджеттік өтінім беру, индустриалық, көлік-логистикалық аймақтың және арнайы экономикалық аймақтың жер учаскелеріне талдау жасалып, тиімді игерілуін қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Сонымен қатар, мерзімі өткен жер учаскелерін қайтару, жер учаскелерін іске асырылған жобаларға жеке меншікке беру бойынша ұсыныс енгізу, арнайы экономикалық аймаққа 50 жаңа жобаны тарту және жобалар пулын жасақтау бойынша нақты міндеттер жүктеді.
– Барлық индустриалды аймақтар үздіксіз жұмыс істеуі қажет. Бұл – уақыт талабы. Сонымен бірге, аймақтарды кеңейту, әрі қарай дамытуда нақты жұмыстар атқарылуы тиіс. Индустриалдық аймақтағы мекемелерді жан-жақты сүйемелдеп отыру керек. Өндіріс үшін қолайлы шарттар жасау жеткіліксіз. Өнімнің ішкі нарыққа таралуы мен экспортына ықпал етуді қарастыру, ортақ бір платформада түйісуіне жағдай жасауымыз қажет, – деді қала әкімі.
Жиында қала басшысы шикізатты шетелден тасымай, бәсекеге қабілетті отандық өнімдерді қолдану қажеттігіне назар аударды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.