ЕМХАНАҒА – ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР Избранное

Пятница, 15 Январь 2021 04:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2443 раз

Шымкенттегі №6 қалалық емханасы тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мақсатында медициналық құрылғыларын жаңартуда.

517

 

Жақында емханаға екі жаңа «Е-CUBE 8», «Ebit 60» УДЗ аппараты жеткізіліп, медициналық жабдықтар іске қосылды.
Емхананың бас дәрігері Айгүл Қылышбаеваның айтуынша, заманауи аппараттар тәулігіне 100-120 пациентті түсіруге мүмкіндігі бар.
– Заманауи жабдықтар 2020 жылдың желтоқсан айында жеткізіліп, көп ұзамай іске қостық. Ескі ультрадыбыстық аппаратпен күніне 65-70 пациентті түсірсек, қазір мүмкіндігіміз екі есеге артты. Мәселен, жылжымалы «Ebit 60» УДЗ аппаратының ерекшелігі – емхана ішінде ауыр науқастарды немесе 1,2,3 топтағы мүгедек жандар келген жағдайда пациенттерді орнынан қозғамай түсіруге болады, – деді емхананың бас дәрігері Айгүл Орынбасарқызы.
Айта кетейік, емханада іске қосылған жаңа медициналық құрылғылар кардиологиялық, перифериялық тамырларды, қаңқа-бұлшықет беттік (әдеттегі), педиатриядағы және ұрықтық тексеруге мүмкіндік береді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.