Версия для печати

52,5 МЫҢ ТОННА ҚОҚЫС ҚАЙТА ӨҢДЕЛДІ Избранное

Среда, 06 Январь 2021 05:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2063 раз
Оцените материал
(0 голосов)

acb84b43-a2b3-4f74-bb68-faa8ced3df92

Шымкентте өткен жылы 52,5 мың тонна қоқыс қайта өңделген. Шаһардағы «Ақтас-1» қоқыс полигонының аумағы – 34 гектарды құрайды. Полигон тәулігіне 550-600 тонна қатты тұрмыстық қалдықты қабылдауға қауқарлы. Оның ішінде 29 гектар қоқыс полигоны болса, 5 гектарында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау зауыты орналасқан. Мұнда қазір 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Санитарлық талаптарға сай келетін қоқыс нысаны бүгінде «Гринлайн» ЖШС-нің жекеменшігінде. Зауытта өңдеудің барлық түрлері бойынша қалдықтар сұрыпталады. Сонымен қатар, өңделетін қалдықтың көлемін арттыру мақсатында қайта өңдеу жұмыстары да жүргізіліп отыр.
Қоқыстарды қайта өңдеудің көлемі 2018 жылы 18,1 % құраса, 2019 жылы 22,7 %, ал, 2020 жылы 25,1 пайызға жеткен. Өткен жылы қоқыс полигонына 209,1 мың тонна қоқыс қабылданып, 52,5 мың тонна қалдық қайта өңделген.
Атап айтқанда, картон - 14,8, қағаз - 2,3, ақ қалта (желім) - 1,1, түсті қалта -1,2, политэлен, бөтелке - 26,1, пластмасса - 5,1, шыны бөтелке - 1,8, қара металл - 0,1, түсті металл - 0,01 тоннаны құрап отыр.
Сұрыпталып, өңдеуден өткен политэлен және пластмасса бөтелкелер қалдығынан химиялық шикізат алынуда.
Алдағы уақытта қайта өңдеу зауытында қоқысты сұрыптаумен қатар, тұрмыстық қалдықтардан электр энергиясын өндіруді қолға алынып отыр. Бұл мақсатта «Ақтас-1» қоқыс полигоны аумағынан 20 гектар жер телімі қарастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.