Қонаев даңғылында құрылыс қарқынды Избранное

Среда, 06 Январь 2021 04:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 470 раз

конаев фото

Шаһардағы Қонаев даңғылында құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Қазіргі таңда нысанда теміржолдың айналма жолы бойында қадалар орнату, оның бойында электр желілері мен байланыс сымдарын салу және кәріз жүйелерінің орнын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні ауыстырылуы тиіс 15,1 шақырымның 4 шақырымын (26%) құрайтын инженерлік желілер, 24 дана желі бағандары, 700 метр екі бағытты айналма темір жолы салынып, оны магистралды темір жолға қосу 2021 жылдың ақпан айына жоспарлануда.
Қорғасын станциясында темір жолды бұру және сигналды бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстары толығымен орындалып, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның теңгеріміне тапсыру жұмыстары атқарылуда.
Жерге орналастыру жобасына сәйкес 42 жер телімін мемлекеттік мұқтажға алу қажет. Ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, жер телімдері мен ғимараттарды бағалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың 10 қаңтарында аяқталады.
2021 жылға бөлінген қаржыға теміржол өткелін, тоннел, тіреу қабырғаларын орнату жұмыстары атқарылатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.