«LUX SHOES» ФАБРИКАСЫ ЖАҢА ЖЕЛІСІН ІСКЕ ҚОСТЫ Избранное

Среда, 30 Декабрь 2020 04:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 728 раз

22f1ead8-52b9-40d0-ac1a-c9619f4e3d33

Шымкенттегі отандық аяқ киім фабрикасы жаңа желісін іске қосты. «Lux Shoes» БК» ЖШС-нің аяқ киім табандары өндірісі Шымкент қаласының Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жүзеге асырылды.

Фабрика 250 жұп ЭВА, 350 жұп термо және 150 жұп резеңке табанын дайындауға қауқарлы. Отандық аяқ киім өндірісіне маманданған кәсіпорын 2018 жылдың тамызында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жұмысын бастаған еді. Жобаның инвестиция көлемі - 400 миллион теңге. Фабрикада 40 адам жұмыс істейді.
Өндіріс орнында енді балалар, ерлер, әйелдер аяқ киімдерінің, сондай-ақ арнайы аяқ киімдердің табаны өндіріледі. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында өндірісті кеңейтуге 290 млн. теңге инвестиция салынды және жергілікті тұрғындар үшін қосымша 10 жаңа жұмыс орны ашылып отыр.
Арнайы экономикалық аймақтың дайын инфрақұрылым, жер және мүлік салығынан, корпоративтік табыс салығынан босату сынды жеңілдіктері кәсіпорынның тұрақты дамуына және нарықты отандық өніммен қамтуға мүмкіндік береді.

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.