Әлеумет және әлеуметтік желі: тұрғындар мәселесі шешімін табуда Избранное

Пятница, 12 Июнь 2020 03:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3457 раз

Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, тұрғындармен кері байланыс орнатуда әлеуметтік желілер зор күшке ие. Мәселен, жыл басынан бері электронды БАҚ және әлеуметтік желілерде Шымкент қаласының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты әртүрлі форматта 901 сыни материал жарияланған. Жарияланымдардың басым бөлігі әлеуметтік салаларға қатысты.

73

 

2020 жылдың 1 қаңтары мен 3 маусымы аралығында электронды БАҚ пен әлеуметтік желілерге жасалған талдау осылай.
Бүгінде халықпен кері байланыс орнатуға мән берілуде. Тұрғындар әлеуметтік желідегі қала әкімдігінің парақшаларына шағымын айтып, мәселелерін жеткізіп келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында барлық азаматтардың өтініштері бойынша жедел және тиімді әрекет ету керегін атап өткен еді.
Жалпы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.
Шымкент қалалық ақпараттық-коммуникация орталықғы бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарып келеді. Орталық мамандарының айтуынша, аталған сыни жарияланымдардың ең көбі энергетика және коммуналды шаруашылық (88) және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына (98) тиесілі екен. Денсаулық сақтау (49), кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму (52), білім (29), ауыл шаруашылығы және ветеринария (18), құрылыс (29), мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармаларына (10) бағытталған бірқатар сын-пікірлер, өтініш-тілектер жазылған. Жалпы саны – 445.
Ал аудандар жөнінде айтсақ. Әл-Фараби ауданына – 118, Абай ауданына – 114, Қаратау ауданына –114, Еңбекші ауданына 110 сыни пікір жарияланған.
Ақпараттық-коммуникация орталығы мамандары күнделікті мониторинг жүргізіп отырады. Әлеуметтік желілерге мониторинг бөлімінің басшысы Айнұр Сүйеубекованың айтуынша, талап-өтініштер лезде тиісті басқармаға немесе аудан әкімдігіне жолданады.

74


– Біздің басты мақсат – халықтың мұң-мұқтажына құлақ түру, мәселелерін түсіну. Яғни, олардың өтініш-талаптарын шешу арқылы тығыз байланыс жасаймыз. Тұрғындарды негізінен алаңдататыны – инфрақұрылым, энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жол, жұмыспен қамту мәселелері. Қазіргі таңда төрт аудан бойынша қарқынды жұмыс атқарылуда.
Бүгінде тұрғындардың өздері де белсенді. Қалада орын алған келеңсіз көріністерді лезде суретке түсіріп, бізге жолдайды. Біз тиісті басқармаға, аудандарға жібереміз. Олар 2 сағаттың көлемінде жауап беруі тиіс. Жұмысты жылдам әрі сапалы атқаруға мән береміз, – дейді бөлім басшысы.
Бүгінде орталықтың әлеуметтік желілерге мониторинг бөлімі 22 басқармамен, аудандық департаменттермен және аудан әкімдіктерімен тығыз байланыста жұмыс істеуде.
Сондай-ақ, орталықта мобильді топ бар. Күнделікті мониторинг жүргізіледі. Айлық, жылдық есептер жасалады.

Қоқыстар алынып, қоғамдық көлік мәселесі шешімін тапты

Сыни жарияланымдарды талдаудың қорытындыларына тоқталсақ. Мәселен, тұрғындар жыл басынан бері, негізінен, жарықтың сөніп қалуы, құрылыс жұмыстарынан кейін тазаланбай кеткен қалдықтар, қоғамдық көлік мәселесі мен т.б. туралы шағымдарын жеткізді.
А.Сүйеубекованың айтуынша, мониторинг жасау барысында анықталған сыни материалдар қорытындысы нақты санаттар бойынша бөлініп, тиісті басқармаларға жіберілген. Жауаптары алынды. Яғни, шағымдардың басым бөлігі білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына бағытталған. Бәріне дер кезінде жауап беріледі.
Жыл басынан бері жарияланған 901 сыни жарияланымның барлығына тиісті жауап берілген. Тұрғындар мәселесі шешімін тапқан.
Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникация орталғының әлеуметтік желідегі парақшасы күнделікті атқарылған жұмыстардың нәтижелерін, тұрғындардың шағымы бойынша атқарылған жұмыстарды жариялап келеді.
Иә, қазір цифрландыруға көшу басты назарда тұр. Халықпен кері байланыс орнатуда жұмысты жүйелеу, цифрлық технология мүмкіндіктерін пайдалану да уақыт талабы. Әлеуметтік желі де әлеуметтің мәселесін шешудің бір тетігіне айналды.
Алдағы уақытта қалада тұрғындармен кері байланыс орнатуда тағы бірқатар жоба қолға алынбақ.

Последнее изменение Пятница, 12 Июнь 2020 05:09
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.