«Doing Business» рейтингі

Среда, 26 Февраль 2020 04:20 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2363 раз

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №1207 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы   «Doing Business» рейтингінің 16 аймақтың ішінде Шымкент қаласы 12 орында.

2018 жылғы 31 қазандағы Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2019» рейтингі нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан өзінің рейтингін өткен жылмен салыстырғанда 8 позицияға көтере отырып, 28 орынға орналасты. Дүниежүзілік банк Қазақстанды 2017-2018 жылдары үштен аса бизнесті жүргізу жеңілдігі индикаторлары аясында реттеушілік реформалар жүргізген елдер қатарында атап өтті.

Рейтингте Қазақстан Испания (30 орын), Франция (32), Польша (33), Португалия (34), Швейцария (38), Жапония (39), Түркия (43) сияқты елдерді басып озды. Еліміз Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасында көшбасшы атанып, рейтинг бойынша Россия (31), Беларусь (37), Армения (41) және Қырғызстан (70) елдерінен жоғары жайғасты.

Қазақстан бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша әлемнің отыз елінің қатарына кірді: Дүниежүзілік банк ұсынған Doing Business жаңартылған нұсқасында Республика 36-шы орыннан 28-ші орынға көтерілді. Бұған кейбір бағыттардағы бюрократиялық кедергілерді азайту есебінен қол жеткізілді ал, Шымкент қаласы «Кәсіпорын ашу» индикаторы бойынша 6-орынды иеленіп отыр.

Бүгінгі таңда, Қазақстан 30 бәсекелестікке қабілетті елдер қатарында. Елде қолайлы инвестициялық климат жасалған, инвестицияларды тарту бойынша Ұлттық жоспар қабылданған, жеңілдетілген салық режимі әрекет етуде. Ел Дүниежүзілік Банкінің «Қазақстан экономикаға шетел капиталының салыну көлемі бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады.

Шымкент қаласының әділет департаменті тіркеу қызметін ұйымдастыру бөлімі бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бекітілген «Doing Business» рейтингісінің «Кәсіпорын ашу» индикаторы бойынша жүргізілген құқықтық насихат жұмыстарына талдау жасалынды.

Зерделеу жұмыстарының нәтижесі келесіні көрсетті:

Бүгінгі таңда, Қазақстан 30 бәсекелестікке қабілетті елдер қатарында. Елде қолайлы инвестициялық климат жасалған, инвестицияларды тарту бойынша Ұлттық жоспар қабылданған, жеңілдетілген салық режимі әрекет етуде. Ел Дүниежүзілік Банкінің «Қазақстан экономикаға шетел капиталының салыну көлемі бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады.

Оның себептерінің бірі оларға жағдай жасау болып табылады. ҚР 2012 жылғы 24 желтоқсандағы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 60-V Заңына сәйкес, акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғыларын (ережелерiн) қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдарымен өкiлдiктерiнiң жарғылары (ережелерi) мемлекеттік тiркеу кезінде ұсынылмайды.

Сонымын қатар, ҚР 1995 жылғы 17 сәуiрдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» N 2198 Заңының 6-1 бабы жаңа редакцияда қабылданып Әділет органдары төмендегідей қызметтер атқарылатын болды: Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға ҚР Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша электрондық құжат нысанында толтыру арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береміз және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталында толтыруға болады.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны қабылдау туралы растау болып табылады.

Жоғарыда аталған іс – шаралар Қазақстан Республикасының экономикасы халықаралық рейтингтерде беделді деп бағаланып, оның бірі  - бүкіләлемді мақұлдатқан «Doing Business» Дүниежүзілік банктің рейтингісі болып табылып Қазақстанның жағымды бағасы – заңнамада қабылданған реформалар қорытындысы болды. Сондай-ақ, түрақты негізде тіркеу рәсімінің жан-жақты оңайлатуы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет органдарымен ізденіс жұмыстары жүргізілуде.

Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Жаһандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі. Оны дамыту үшін жеке меншік институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығы жоспары «Бизнес-2020» жол картасымен үйлестіру. Үкімет Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмысын жаңа бастаған бизнесмендерге әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін жасауы керектігі жолдауда айтылып басым бағыттар белгіленген.

 

Шымкент қаласы Әділет департаментінің «Тіркеу қызметін ұйымдастыру» бөлімінің басшысы  

Ботан Дина Батабекқызы

/Шымкент қаласы/

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.