Қайырымды қаланың жастары қандай болуы керек? Избранное

Пятница, 08 Ноябрь 2019 06:20 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3010 раз

Ия, расында Қайырымды қаланың жастары қандай болуы керек? Жастар қоғамнан өз орнын қалай таппақ? Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттерімен кездесіп, осы тұрғыда еркін форматта әңгімелесті.

366

 

Қала әкімі алдымен оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. 82 жылдық тарихы бар іргелі білім ошағының IT сыныптарын, 100 жаңа оқулық және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орталығын аралап көрді. Бүгінде ОҚМПУ-да 5607 студент білім алады.

367


Жастар бәсекеге қабілетті болу үшін көп ізденіп, оқу керек. Қала әкімі студенттермен кездесуде олардың ұсыныстарын тыңдап, көп ізденуге шақырды.
– Өздеріңмен сұхбаттасып, ұсыныстарыңды тыңдауға келдім. Шымкент - қайырымды қала. Қайырымды қала тұрғындары қандай болуы керек? Осыны оқып, біліп алыңыздар. Қайырымды қаланың жастары барлық жағынан озық болуы тиіс. Кеше ғана жыр жаттау бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттадық. Осындай маңызды ұсыныс-жобаларың болса, әрдайым қолдаймыз, - деді Ерлан Қуанышұлы.
Кездесу барысында студенттер көкейдегі сауалдарын қойды. Бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.