ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Избранное

Среда, 09 Октябрь 2024 05:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 332 раз

«Түркістан» сарайында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында қала әкімі білім саласының үздік қызметкерлерін құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Мегаполис басшысы өз сөзінде педагог ең алдымен, беделді маман, қызметі жоғары және жауапты миссия екеніне тоқталды.

uztaZ

 

- Бүгінде ұстаздар еліміздің жарқын болашағы мен мемлекеттің дамуы жолында тынымсыз еңбек етуде. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мұғалімдердің мәртебесін, олардың біліктілігін арттыруға және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған көптеген шаралар қабылдануда - деді Ғабит Сыздықбеков. Қала әкімі білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан мұғалімдерге, сондай-ақ саланың ардагерлеріне алғысын білдірді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласының білім беру мекемелерінде 30 мыңға жуық мұғалім жұмыс істейді, 500 мыңға жуық оқушы, студент оқиды, жыл сайын заманауи мектептер саны артып келеді. Кәсіби мерекеге арналған салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.