Қыстың қамын жаз ойла Избранное

Среда, 21 Август 2024 05:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 242 раз

Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, мәслихат депутаттары жылу маусымына дайындық іс-шараларының барысын пысықтады. Жылу қазандықтары, жылу жүйелерінің қысқы жылыту маусымына дайындығын бақылады.

MasliXat

 

Мәслихат төрағасы алдымен «АДЦ-160 Гкал» қазандығын жаңғырту бойынша жұмыстардың барысымен танысты. Бүгінде «АДЦ-160 Гкал» қазандығын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Аталған шаралар жылумен қамтамасыз етуді жақсартып қана қоймай, пайдалану шығындарын азайтады және жылу көзінің тұтынушыларға жақын орналасуын пайдалана отырып, жылыту режимін жылдам реттеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, бүгінде Нұрсәт шағынауданында ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда. Жауапты бас мердігер –«Таразстрой-2004» ЖШС. Мердігер компания өкілдері құрылыс биыл 1 қазанда аяқтауды жоспарлап отыр. Жуырда жұмысшылар санын көбейтпек.
Мәслихат төрағасы жылу маусымына дайындық өте маңызды мәселе екенін, ендігі ретте жұмысты сапалы және мерзімінде аяқтау қажет екенін айтты.
– Жылу маусымы аяқталғаннан күннен бастап, келесі жылыту маусымына дайындық жүргізіледі. Қазандықтардың, тозығы жеткен жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстарының сапасын және оның кестеге сәйкестігін бақыладық. Қазіргі кезде бәрі кестеге сәйкес келе жатыр. Бірақ біздің кестеден ерте жүрсе деген талап-ұсынысымыз бар. Ертерек бітіріп, жауын-шашын басталмай жатып соңғы тексеру жұмыстарын атқару қажет. 29 тамызда мәслихат сессиясы өтеді. Яғни, сессияның алдында осы жұмыстардың бәрін талқылап, сессияда өз бағамызды береміз, – деді Б.Нарымбетов.
«Қуатжылуорталық-3» мекемесі директорының орынбасары Айдар Қалдыкөзовтің айтуынша, биыл жалпы 29 шақырым жылу құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 40 пайызы орындалды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.