ШЫМКЕНТТЕ 50-ДЕН АСТАМ ЕРІКТІ ҚАН ТАПСЫРДЫ Избранное

Среда, 07 Август 2024 06:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 629 раз

Халықаралық жастар күніне арналған мерекелік іс-шаралар елімізде 3-12 тамыз аралығында өтіп жатыр. Осыған орай Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастармен бірге» атты ұлттық онкүндік жалғасын табуда. Мереке қарсаңында қала жастары думандатып, көңіл көтермей, қаланың тазалығына, қайырымдылық акциялары мен мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көңіл бөлуде.

DonoR

 

Осындай іс-шараның бірі ретінде Шымкент қалалық қан орталығында өткен «Өзгеге өмір сыйла» атты акция өтті. Деректерге көз жүгіртсек, әлемде миллиондаған адам қан құюға мұқтаж екенін байқаймыз. Осы орайда соңғы уақытта елімізде науқас азаматтарға өмір сыйлауға құштар жандардың қатары көбейе түскені көңіл қуантады. Бұл игі іске, әсіресе, жастар жағы көп атсалысуда. Мәселен, «Өзгеге өмір сыйла» акциясының аясында Шымкент қаласының ерікті жастары, жас спортшылары мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, жалпы, 50-ден астам адам толық тексеруден өтіп, донор болуға мүмкіндік алды.
Алғаш рет, қан орталығына келіп, акцияға қатысқан жас спортшы Арапбай Нұрғазы бұл іс үлкен жауапкершілікті талап ететінін айтады.
– Ұйымдастырушылар тарапынан алдын ала ескертулер мен талаптар айтылды. Мәселен, бір күн бұрын майлы және тұзды, қуырылған тағамдарды тұтынбау керек. Оның орнына тәтті тосаппен шырындар, кептірілген нан, көкөністер мен жемістер жеген дұрысырақ. Айтылған диетаны ұстап, қазір өз кезегім келгенде дәрігердің қабылдауымен қан тапсырамын, – дейді ерікті жас.
Айта кетейік, «Жастармен бірге» атты онкүндік аясындағы іс-шаралар әлі де жалғасын тауып жатыр.

Гүлжауһар ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.