ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАПА ШЕККЕНДЕРДІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ Избранное

Среда, 05 Июнь 2024 05:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 620 раз

Шымкентте «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті. Іс-шара ана мен бала ескерткішіне тағзым етуден басталды.

narimbetov

 

Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Одан әрі көпшілік саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арда азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Қаланың бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов марқұмдардың рухына Құран бағыштады.
Солақай саясаттың кесірінен қаншама азамат жазықсыз жапа шекті. Енді олардың атын еске алып, жадымызда сақтау, құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың парызы. Мемлекет басшысының тапсырмасымен шаһарда саяси қуғын-сүргін көрген азаматтарды толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс істеп жатыр. Таяуда «Тарих.Тағылым.Тұлға» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция да ұйымдастырылған болатын.
Айта кетсек, қаладағы барлық мешітте саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, олардың рухына Құран бағыштау іс-шарасы өтті.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.